Атыраудың шалғай ауылдарында мәдениет үйлері салынады

20151118014033 Мәдениет

Биыл Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында және Құрманғазының Азғыр елді мекенінде жаңадан екі мәдениет үйі салынады.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау  облыстық  филиалы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңес отырысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов айтты.

Әбіл Тауфихұлы баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айтылған мәдени мұрамыз бен тарихымызды тануға бағытталған міндеттердің жауапкершілік жүгі зор екенін алға тартты.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Шоқпартоғай мен Азғыр ауылдарына мәдениет үйі салынады. Қазір Азғырда салынатын мәдениет үйі бойынша «SCS инжениринг» ЖШС мердігер мекемесінің құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтамау салдарынан қызметтер тоқтап тұр. Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін «басқа мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Биыл 12 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді Әбіл Жоламанов.

Нұргүл Насыр

Фото – иллюстратив


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз