Театрдағы «Театр түні»

jljljl Мәдениет

Жыл сайын 27 наурызда бүкіл әлемде халықаралық театр күні аталып өтеді. Бұл мерекені Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымы да биыл ерекше жағдайда қарсылады. Бұрын облыста болмаған «Театр түнін» ұйымдастырды.

Театрға келген көрермендерді «Ричард III», «Аладдин», «Медея» жəне басқа спектакльдердің кейіпкерлері қарсы алды. Бұл кеште өнерсүйер қауым актерлермен танысып, олардың ойнаған рольдеріне байланысты сауалдарын қойып, сүйікті кумирімен бірге фотосуретке түсуге мүмкіндік алды. Сондайақ, əр қойылымда киген сахналық киім-кешек, бұйымдар жəне басқа да заттар экспонат ретінде қойылған. Содан кейін 85 жылдық тарихы бар театр ұжымының артистері концерттік бағдарлама ұсынды. Көрермендер шығармашылық ұжымның жанды тербетер, бойды шымырлатар əндеріне риза болды. Бұл күні «артист болғым келеді» деген көрерменнің арманы орында лды. За лдан оншақты адам шығып, сазды бағдарлама аяқталғанша репетиция жасады. Олар «Қош бол, Қарой», «Ричард III», «Аладдин», «Медея» спектакльдерінің басты рольдерін сомдап, концерт аяқталған соң кəсіби артистермен бірге қойылымнан үзіндіні сахналады.

ukukhk

Ерекше форматтағы шараға театрдың талантты режиссерлері – Мұқанғали Томанов, Жанат Телтаев, Гүлназ Қамысбаева, суретшілер – Темірбек Мұхтаров,Тимур Коесов жəне басқалары үлес қосты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз