Атырауда «Күй анасы Дина» атты оркестр концерті өтті

2cb66103 b119 4909 8c00 d8e76ae0058d Мәдениет

Ел Тәуелсіздігінің 30 және Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына орай, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды atr.kz

Шарада «Күй анасы Дина» және «Жамбыл» атты қос туындының тұсауы кесілді.

Туынды авторлары белгілі қоғам қайраткері Төлеген Қуанышев пен
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан туындының жас ұрпаққа берер тәрбиесі зор екенін атап өтті.

«Күй анасы Дина» кітабында арнайы QR коды орналасқан. Онда күйші Динаның өзі орындаған күйлері топтастырылған. Бұл арқылы күйлерді тыңдауға болады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма Төрағасы-ректор Саламат Идрисов облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың атынан меймандарға «Алғыс хат» табыстады.

a626ff85 4a0d 4eac 893d bb90463d1570
38d4b2a3 bc17 42e4 9743 15cce242c2a9
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз