![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 1 279715398 1980767618977577 4923379724840538261 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279715398_1980767618977577_4923379724840538261_n.jpg)
Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ)
Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейінде Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрмесінің ашылуы өтті. Аталмыш шара алдында жиынға қатысушы топ Кеңсай зиратындағы Хиуаз Доспанованың басына барып, қазақтың қаһарман қызының рухына Құран бағыштап, өшпес даңқына тағзым етті.
🔷️ Алатау баурайындағы Мемлекеттік орталық музейінде жасақталған көрменің салтанатты ашылуында Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма хатшысы, республикалық «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкеновтер алғашқы болып сөз алып, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова туралы тағылымды пікірлерін айта келе, мұнайлы өңірден шыққан қаһарман қыздың майдан төріндегі және бейбіт өмірдегі ерен ерліктері мен тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталды.
🎶 Осыдан соң көпшілікке ҚР Ұлттық Ұлан Қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметінің сарбаздары сазды және үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен шағын музыкалық бағдарламаларын ұсынды. Жиналғандар алдында алдымен «Мен қазақтың ұлымын», «Қазақстан» әндері жеке орындалса, одан соң «Балбырауын» күйіне билеген балғын балалар қазақтың сарбаздар биін нақышына келтіріп орындады.
🔻 Шара барысында келесі кезекте қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспанованың ұлы Ерболат Әміров, ҚР Азаматтық авиация академиясының студенті Арулы Аманбай өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.
📚 Жұртшылық назарына қойылған көрменің маңызы мен құндылығын түсіндірген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаева көрмені ұйымдастыруға атсалысып отырған Мемлекеттік орталық музейі ұжымына ризашылығын білдіріп, музей директоры Рашида Хариповаға Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері жинақталған 5 томдық каталогты сыйға тартты.
✅ Көшпелі көрме ашылуының тұсаукесер лентасын қию құрметі Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, қаһарман қыздың ұлы Ерболат Шәкуұлы, көрнекті жазушы, филология ғылымдарының докторы Әнес Ғарифолла, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаеваға берілді.
Майдан алаңында қайталанбас ерлік жасаған батырларымыздың есімдерін насихаттауды көздеген шараға сондай-ақ , танымал жазушылар Жұмабай Құлиев, Заря Жұманова, әдебиеттанушылар Сансызбай Мәдиев, Зинол-Ғабден Бисенғали, белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Үлкенбаева, Хиуаз Доспанованың тұлғалық бейнесін зерттеуші-журналист Тұрсын Қалимова, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жоғарғы санаттағы кітапханашысы Тоғжан Есенова, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Рамазанов, Мемлекеттік орталық музейінің қызметкерлері қатысты.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары 6-12 мамыр аралығында тамашалайтын аталмыш көрмеде негізінен неміс басқыншыларымен соғысқан сұрапыл жылдары көкте қырандай қалықтап, жаумен шайқаста әуеге 300-ден астам мәрте көтерілген штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерен ерлігі насихатталып, оның қайсарлық пен төзімге толы өмір жолынан толымды мәліметтер берілді. Арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың» жеке және отбасы мүшелерімен, тума-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапат қағаздары көрермен назарына ұсынылды. Осымен қоса, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған үшбу хаты мен қаһарман тұлға туралы жазылған мақалалар топтамасы ілініп, қазақтың қайсар қызы қан майданда пайдаланған құрылғылар мен бейбіт өмірде тұтынған жеке заттары көрініске қойылды.
Аталмыш көрмеде сондай-ақ, неміс-фашист басқыншыларымен болған күресте ерлік көрсеткен мұнайлы өңірдің перзенттері, «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленген Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Мұса Баймұханов, Георгий Канцев, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Иван Махориндер және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Шүкір Еркінов, Ғизат Алипов, Евгений Полынин, Сақып Қызылов, Гаврийл Шаминдер туралы деректер берілді. Тағы бір экспозицияда «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия Молдағулова, Маншук Маметова жөнінде мәліметтер және олардың мектеп, майдан кезіндегі суреттері қойылды. Сонымен бірге, соғыс жылдары Атырау өңірінде майданға пулемет, миномет, атқыштар взводы командирлерін дайындап жіберіп отырған Гурьев жаяу әскер училищесі мен сын сағатта үздіксіз қызмет еткен әскери госпиталь туралы тарихи деректер мен фотосуреттер, Ұлы Жеңіс шеруіне қатынасушы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің тұлғалық бейнелерін айшықтайтын мәліметтер ұсынылды.
Көрермендер көрмеден соғыс жылдары пайдаланылған әскери киімдер, жауынгер құралдары мен майдан шебінде қолданыста болған радио, телефон, тылдан жіберілген қолғап-шұлықтар үлгілерін т.б. заттай бұйымдарды тамашалай алды.
«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі»
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 2 279076271 1980763948977944 1936203594081013593 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279076271_1980763948977944_1936203594081013593_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 3 279229899 1980763538977985 3107439608544064283 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279229899_1980763538977985_3107439608544064283_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 4 279247739 1980763145644691 2567895612162986529 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279247739_1980763145644691_2567895612162986529_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 5 279271146 1980763798977959 4901600024663340449 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279271146_1980763798977959_4901600024663340449_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 6 279291608 1980762408978098 7430059368578399855 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279291608_1980762408978098_7430059368578399855_n-683x1024.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 7 279395336 1980763002311372 5528775941867731781 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279395336_1980763002311372_5528775941867731781_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 8 279712498 1980765192311153 4609648930794717645 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279712498_1980765192311153_4609648930794717645_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 9 279715398 1980767618977577 4923379724840538261 n 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279715398_1980767618977577_4923379724840538261_n-1-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 10 279733564 1980764025644603 3634032170115793535 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279733564_1980764025644603_3634032170115793535_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 11 279746828 1980761972311475 6409816414578336297 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279746828_1980761972311475_6409816414578336297_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 12 279748640 1980768292310843 6424826576727006518 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279748640_1980768292310843_6424826576727006518_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 13 279749954 1980765302311142 6945187800348315550 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279749954_1980765302311142_6945187800348315550_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 14 279753882 1980766402311032 1785142071168104017 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279753882_1980766402311032_1785142071168104017_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 15 279841422 1980764905644515 4823494514456587980 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279841422_1980764905644515_4823494514456587980_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 16 279846653 1980764798977859 2331161973668350926 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279846653_1980764798977859_2331161973668350926_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 17 279851381 1980768835644122 8067370364575886297 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279851381_1980768835644122_8067370364575886297_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 18 279902861 1980766612311011 6182196274221860932 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279902861_1980766612311011_6182196274221860932_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 19 279913778 1980764498977889 8392772719626024241 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279913778_1980764498977889_8392772719626024241_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 20 279917024 1980765995644406 795669479963344861 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279917024_1980765995644406_795669479963344861_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 21 279928115 1980768472310825 8014860704302094109 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279928115_1980768472310825_8014860704302094109_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 22 279933893 1980767348977604 8991582690842517752 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279933893_1980767348977604_8991582690842517752_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 23 279939219 1980766148977724 7310714238150296677 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/279939219_1980766148977724_7310714238150296677_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 24 280025016 1980767782310894 6322110453960079926 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280025016_1980767782310894_6322110453960079926_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 25 280035052 1980766872310985 99688026596478579 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280035052_1980766872310985_99688026596478579_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 26 280090913 1980765842311088 3725282311604884076 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280090913_1980765842311088_3725282311604884076_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 27 280104615 1980768682310804 6011088982869241989 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280104615_1980768682310804_6011088982869241989_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 28 280115956 1980767168977622 7408976573557153816 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280115956_1980767168977622_7408976573557153816_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 29 280141269 1980768058977533 1035251311799158706 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280141269_1980768058977533_1035251311799158706_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 30 280158643 1980762758978063 5487467797276347292 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280158643_1980762758978063_5487467797276347292_n-1024x683.jpg)
![Алматыда Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына көрме өтуде (+ФОТОРЕПОРТАЖ) 31 280187034 1980767038977635 4953003814887573427 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/05/280187034_1980767038977635_4953003814887573427_n-1024x683.jpg)