АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

e5bdb0ff a08d 4cc5 882d b5eb304d10a6 Мәдениет

«AMANAT» партиясының отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған «Кітап-AMANAT» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалында «КІТАП-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының ресми түрде ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударды. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстағы басты бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент халық арасында кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді.

9bcbe293 7753 4782 b156 750ed8a8bf42

– «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» демекші, партияның басшылығымен әр өңірде кітап орталықтары ашылып жатыр. Мақсатымыз – елдегі, өңірдегі ақын-жазушылардың кітаптарын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Облыстық филиал Ұлттық кітап палатасымен меморандумға отырып, бүгінде тікелей баспа бағасымен 700-ге жуық кітап келді. Бұл орталық тек кітап сататын дүкен ғана емес, өңірдің ақын-жазушылары бас қосатын, жаңа кітаптарының тұсаукесері өтетін үлкен орталық болады, – деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.

Атырау облысының құрметті азаматы, филология ғылымының докторы, профессор, ардагер ұстаз Қадір Жүсіп пен Қоғамдық кеңестің төрағасы, партия ардагері Максим Ізбасов салтанатты түрде лента қиып, іс-шара қонақтары орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда балаларға арналған кітаптан бастап отандық және шетелдік жазушылардың туындылары, психологиялық, қаржылық тақырыптағы танымдық кітаптардың барлығы бар.

ed89a046 75bb 4ed1 874a cb6e3d472a86

– Қазақта «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген бар. Соңғы жылдары халқымыз көп уақыт кітаппен достығын жоғалтып алды. Бүгінгі «AMANAT» партиясының бастамасы ұлттық идеологияға үлкен әсерін тигізетін, сол өшкенімізді жандырып, жоғалтып алғанымызды қайта қалпына келтіріп жатқан жақсы қадам деп есептейміз, – деді Максим Шапихұлы.

– Бүгін Атырау қаласында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ашылған «Кітап-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының негізгі мақсаты өңірдегі жастардың, жалпы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бұл жерде тек отандық ғана емес, шетелдік классик жазушылардың көркем әдебиеттерін таба аласыз.
Бұл орталық арқылы өңірдегі жастар өздерінің рухани байлықтарын, кітапқа деген оқу құштарлығын арттырып, әртүрлі өңірлік деңгейдегі ғалымдар мен ақын-жазушылардың кітаптарының тұсаукесерлерін өткізетін мәдени-рухани орталық болмақ. Аймақта ашылған аталған орталық жұмысын университет тарапынан әрқашан қолдайтын боламыз, – деді облыстық мәслихат депутаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов.

afa1348a a7b6 408e 901c 32efdfb13b86

Тұсаукесер салтанатында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов пен «Қазақстан Жазушылар Одағының» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры Алия Дәулетбаева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

a419801d 30bc 40aa 8e92 e56a49625ebb
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз