АТЫРАУДА – ДИРИЖЕРЛЕР ШЕРУІ 

73fd24bd 8b07 4322 b832 0a2e086e3052 Мәдениет

Бүгін Атырауда республикалық дирижерлер шеруі өтеді. 

​Атырау облыстық мәдениет, архив ісі және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шеру Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында өткізіледі. Оған ел көлемінен тоғыз танымал оркестрге жетекшілік етіп жүрген дирижерлер қатысады. Айта кету керек, дирижерлер шеруі  Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 35 жыл толуына арналады. 

​Күй өнерінің құдіретін оркестрдің үнімен және сүйемелдеуімен жеткізіп, жүректі баурап, құлақ құрышын қандыруды мақсат тұтқан рухани шарада ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан балаға мирас болған халық композиторларының шығармалары, Қазақстан композиторларының туындылары орындалады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз