Жарнама
Мәдениет

«АРУ АНА»

Көрермен назарына барлығы он бір туынды жол тартты. Мұхит Қалимовтың «Л.Қалимова бейнесі» атты еңбегінде автор өзінің сүйген жарының бейнесін айнытпай берген. Сондай-ақ, «Термеші Қаламқас Орашева» туындысында белгілі әнші, термеші Қаламқастың бейнесі шебер сомдалған. Әншінің отырысынан-ақ өнер адамдарына тән қасиет ерекше көз тартады.

Жанәбіл Рахметовтің «Фариза Оңғарсынова» атты еңбегінде ақынның жас кезіндегі келбеті мен егде шағы салыстырыла бейнеленген. Одан кейінгі Раул Говеоның «Фрида Калоның портретінде» танымал мексикалық суретші ұлттық киім үлгісін айшықтап тұр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген автор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button