Жарнама
Мәдениет

«Ақиқатым – өлеңде!..»

Жаңаталап ауылында ақын-жазушыларын халыққа танытып, жастардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, жастар бойына рухани құндылықтарды дарытуды, жас ұрпақты тәрбиелеуді көздеген үлкен мағыналы шара Жаңаталап ауылдық кітапханасының  ұйымдастырылуымен өткізілді.

Әулие Мұраттың жамбасы тиген, отқа оранған батыр Боранның, жалаңаяқ бала күні өткен, бард ақын Табылдының  киелі  Дендер топырағында дүниеге келген, өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан, жерлес  ару ақынымыз Республикалық Махамбет сыйлығының иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесіі «Фариза жұлдыздары» клубының жетекшісі Әлия Даулетбаеваның шығармашылығына арналған «Ақиқатым өлеңде» атты кездесу кеші өтті.  Ауыл тұрғындары ақынды құшақ жайып қарсы алып, зор ілтипаттарын көрсетті. Өнер иесінің ақындық жолға түсуін өзі туған жер топырағымен байланыстырады екен.

Шара шымылдығы «Жер Анамен» сырласу көрінісімен бастау алды. Әрі қарай ауыл жастары ақынның өлеңдеріндегі туған жерге, махаббатқа, адамгершілікке деген іңкәрлік махаббатын психологиялық иіріммен, философиялық тереңдікпен, асқан шеберлікпен орындады. Сонымен қатар кеш иесі өзінің өмір жолынан сыр шертіп, ақындық жолына қалай келгені туралы, тиісінше көрермендер сұрақтарына жауап беріп отырды. Үлкен білім жолында қанат қаққан достары атынан Әмірова  Айзанат та ақынға жылы лебізін білдірсе, көрермендер арасынан да оқырмандар өздерінің ұнатқан өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында Әлия Бекежанқызы ұйымдастырушы кітапханашы Гүлшара Құбашқызына алғысын білдірді. Осы шара  көрермендерге ой сала отырып, кейінгі буын өкілдерінің  өнерге қызығушылықтарын арттырып, өнер жолына түсуіне, өнер жолындағы қиындықтарға төзге, өзіндік үлесін қосты деп ойлаймын.

Ұлмекен Қайыржанова,

ауыл тұрғыны, зейнеткер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button