
Ақ мол болсын!
Халқымыз Наурыз көжені ырыс пен ынтымақтың нышанысанаған. Ашыққанда тойындырып, шөлдегенде сусын болатынбұл киелі ас Наурыз мейрамының ажырамас бөлігінеайналған. Көне дәуірден жеткен деректерге сүйенсек, наурызкөже Наурыз мейрамының алдында әзірлене бастайды. Қыстың қыспағынан құтылып, көктемнің шырайлы шуағынашомылатын шақта Көрісу дәстүрі жасалып, ақ жаулықтыаналар бауырсақ пісіріп, наурыз көже дайындаған.

Әр өңірде, әр үйде көженің жасалу тәсілі әртүрлі болғанымен, жеті дәмнің болуы – бұлжымас дәстүр. Ал бүгінде сол көжегеқандай кәделі жіліктің салынатыны ұмытыла бастаған секілді. Бұл туралы Махамбет ауданы Таңдай ауылының көнекөзтұрғыны, алтын құрсақты ана Надежда Базарбаева айтыпберді.
– «Әр елдің салты басқа» демекші, әр отбасының өзінденаурыз көженің өзіндік ерекшелігі мен дәмі болады. Наурызкөже – Әз-Наурыздың сәнін келтіретін басты тағам. Дәстүрбойынша оған бидай, тары, сүр ет, сүт, су және тұз қосылады. Халқымыздың ата кәсібі – мал шаруашылығы болғандықтан, наурыз көжеге төрт түліктің өнімдері міндетті түрдеқосылады, — деп бастады әңгімесін сұхбаттасушымыз.
Бүгінде жетпіс бесті алқымдаған ақ жаулықты ана Таңдайауылында 1963 жылдан бері тұрады. Осы жылы әкесі ЖұмашӘндірұлы мен Зейнім Өтешқызы алты бала-шағасыменОрынбордан көшіп келеді. Надежда Жұмашқызы үйдіңтұңғышы ретінде үлкен кісілерден көп дүние үйренгендіктен, келін болып босаға аттаған соң қара шаңырақтың түтінінтүтетеді. Бүгінде өзі де бала-келіндері мен немерелерінеотбасылық құндылықтарды үйретіп, өнегелі тәлім-тәрбиесімен көпке үлгі болып жүрген абыз аналардың бірі.
Наурыз көженің тағылымы
– Бала күнімде анам «наурыз көжеге кәделі жілік қосылуыкерек» деп айтушы еді, жарықтық. Оның құрамындағы әрбірас түрінің өзіндік мәні бар екен. Әсіресе, соғымнан қалғанкәделі жіліктердің ішінде кәрі жілік ерекше қастерленген, — деген ауыл тұрғыны өзі білетін мағлұматтармен бөлісті.

Қазақтың нанымында кәрі жілік – ұзақ ғұмыр мен берекеніңнышаны. Надежда Жұмашқызының айтуынша, соғымсойылғанда оның екі кәрі жілігі болады. Бірін баспен біргеқонақтарға асса, екіншісін көктемге дейін сақтап, наурызкөжеге қосқан.
– Кәрі жілікті ешқашан шақпайды. Өйткені оны сындыру – ырысты бөлу, несібені шашу деген сөз. Оны бүтін күйіндеқазанға салып, әбден қайнатқан. Қайнатылған жілікдастарқанға қойылып, үлкендер бата бергеннен соң ғанабөліске түсетін. Ал оның тазартылған сүйегін үйдіңмаңдайшасына немесе қораның биік бір жеріне іліп қоятын. Бұл – «мал басы көбейсін, ұры-қарыдан аман болсын» дегенырым, — дейді сұхбаттасушымыз.
Жая – ырыстың белгісі
Наурыз көженің дәмін кіргізетін тағы бір кәделі мүше – жая. Ол жылқының сауырынан алынып, ерекше әдіспен сақталған.
– Жая – кең әрі етті сүйек. Бұрын жаяны бөлмей, бүтінкүйінде сақтаған. Бұл қазақтың мызғымас бірлігі менынтымағын білдірген. Жаяның тесігі көп болса да, еті тығыз. Сол себепті халық «бірлігің жаяның етіндей берік болсын» деп бата берген. Бүгінде жаяны бірнеше бөлікке бөліп, асдайындайтындар көп. Алайда оның бүтін болғаны – ырыстыңмолдығының белгісі, — дейді көпті көрген ақ жаулықты ана.
Наурыз көженің әрбір дәмі – тіршіліктің символы. Қыстанқалған сүр ет – өткеннің белгісі, ал жаңа қосылған сүт пендәнді-дақылдар – алдағы молшылықтың кепілі. Көжегеқосылған бидай, тары, күріш – жердің құт-берекесін, тұз – өмірдің мәнін, су –тазалықты білдіреді.
«Алты малта ас болмай…»
Қой кезекте сөмкеге салып жіберетін «малта құрт» ауылдаөскен біраз адамның есінде болар. Шөлдеген адамға сусын, қарны аш адамға азық болған малтаны Махамбет батыр дажырына арқау еткен. Дауылпаз ақын:
«Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала,
Сақалы шығып жат болмай…» деп жырына қосады.
– Ертеректе қазақтар наурыз көжеге арнайы малта құрт қосты. Бүгінде біз езілген құртты көжеге қосамыз, ал бұрын құрттыкеліге салып түйіп, ұнтақтап, көжеге салып жіберетін. Бұлкөжеге ерекше дәм беріп қана қоймай, оны құнарлы ететін. Наурыз – қыстың ұзақ күндерінен кейінгі алғашқытоқшылықтың белгісі саналғандықтан, көже тойымды әрінәрлі болуы керек, — дейді Надежда Жұмашқызы.
Қазанға май қою дәстүрі
Қазақта қазан – ырыс-берекенің символы. Сондықтан данаурыз көже пісірілгенде, қазанның төрт құлағына төрт кесекмай қойылған.
– Бұл дәстүр халықтың тілеуімен байланысты. Қазанның төртқұлағына қойылған май – төрт құбыла тең болсын, елдіңырысы мол болсын деген ырым. Бұл майды алғаш болыпбосаға аттаған бала аузына салады. Себебі бала – пәктіктің, алоның тілегі – қабыл болатын ізгі ниеттің көрінісі. Осындайшуақты дәстүрлеріміз ұмытылмай, әр шаңырақта наурызкөженің иісі бұрқырап тұрсын! Жаңа жыл молшылық, береке, ырыс әкелсін! — деген Надежда Жұмашқызы наурыз көженіңтағылымы туралы әңгімесін ізгі тілекпен тәмамдады.
ТҮЙІН
Наурыз көже қазақ халқының дархан көңілі менқонақжайлылығын көрсететін киелі тағам. Біздің түсінгеніміз, оны әзірлеудің нақты бір ережесі жоқ, әр өңірдің, әр үйдің өзерекшелігі бар. Бірақ ең бастысы – ол көптің ризығы, ынтымақтың белгісі.
Майра ЕРҒАЛИ