Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

img 20220604 wa0035 Мәдениет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты.

Шараға облыстың зиялы қауым өкілдерімен бірге ҚР Қарулы күштері мен Ұлттық ұлан әскерилері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және мектеп оқушылары қатысты.

Әскерилер мен волонтёрлер Көк Туды ұстап, Бейбарыс алаңынан Мемлекеттік рәміздер алаңына дейін шерулеп жүріп өтті. ҚР Мемлекеттік Туы арнайы әскери қарауылмен тутұғырға көтеріліп, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

img 20220604 wa0029
  • – Мемлекеттік рәміздер – сонау ықылым замандардан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Әрі егемендігімізді айқындайтын, ел ертеңіне деген берік сенімді ұялататын еліміздің қасиетті нышандары. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін паш ететін, ортақ мақсатқа топтастырып, біріктіруші күшке ие – мемлекеттік рəміздерді көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлей білейік! Көк туымыз биік желбіреп, Əнұранымыз асқақтай берсін! Ел Рәміздерінің 30 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын, деді С. Шәпкенов.

Салтанатты шара патриоттық әндер орындалған мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, Қазақстанның ең биік Тутұғырларының бірі Атырау қаласында орналасқан. Оның биіктігі – 91 метр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз