Айгүл Иманбаева елді шулатты…
Қазақстандық актриса және әнші Айгүл Иманбаева Черногориядан түскен суретін жариялады. Жанкүйерлері қысқа шорты киген әншіні сын астына алды.
Айгүл Иманбаева Instagram желісінде түрлі суреттерін жариялады. Суреттердің бірінен байқағанымыздай, Айгүл Иманбаева теңіз бен жартастың фонында қысқа джинсы шортымен түскен.
«Кейде мен құс сияқты ұшқым келеді», — деп жазды ол.
Адал жанкүйерлері әншінің сымбатын жақсы бағалап, актрисаның өте әдемі әйел екенін және жас аруларға ұқсап қалғанын атап өтті.
«Сен өте әдемісің», «Жас қыз сияқты, саған өте жарасады», «Айгөлек, биіктен биікке самға!»– деп жазды олар.
Ал енді бірі олардың пікірімен келіспей, 45 жастағы танымал әншінің осындай «ашық» киімі үшін сын айтты.
«Бұл не? Нешедесің!», «Жарияламау керек еді», «Жасына сай емес», «Ұяламын, қарияларға қалай қарайсыз?», «Бәрібір қыз болмайсыңдар», «Мұның не шаруасы бар, мұны не үшін жазып отырсың?», «Әдемі келіншек, жек көретіндерге мән берме, олар қызғанышпен айта береді», «Айгүл екеуміздің жасымыз бір, ал 45-ке келсек ше, шорты киюге болмай ма?» “Бұл әнші де шешіне бастаған ба?”, – деп жазды.