Жарнама
Инфрақұрылым

Қызылқоғада электр бағаналары жаңартылды

Аудан орталығы мен Сағыз ауылында 687 дана ескірген ағаш бағаналардың орнына темірбетон бағаналар орнатылды, деп хабарлайды atr.kz Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтылай айтсақ, Миялы ауылындағы Мөлтек-3 шағын ауданында — 181 дана, Мөлтек-4 шағын ауданында 398 дана, Сағыз ауылының «Н.Абдуллин» ықшам ауданы және «Бірлік» ықшам ауданындағы №1 — №5 көшелеріндегі 108 дана электр бағаналары ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-Бүгінде электр жүйесінің негізгі көзі — тұрғындарға ток баруға дәнекер болып тұрған бағаналар екендігі сөзсіз. Десек те солардың көпшілігінің тозығы жетіп тұрғаны жасырын емес. Осы орайда ауданға қарасты Миялы, Сағыз ауылдарында электр желісі жаңартылды. Аталған жұмыстарға электр жүйесінің онға жуық қызметкері, автокран, ямобур, экскаватор, камаз, гидравликалық автокөлік көтергіші жұмыс жасады. Жөндеу жұмыстарын «ТЭСС-ПРОЕКТ», «ASEQADAL88» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізді, — деді Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов.

Сондай-ақ Қызылқоға аудандық электрмен қамту орталығының басшысы Аманбек Әбділдиевтің айтуынша, 11 200 шақырым болатын электр желісі жаңартылып, 4 дана трансформатор ауыстырылды.

Айта кетейік, бағаналары жаңартылған Миялы ауылындағы екі көшеде 306, Сағыз ауылында 160 баспана бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button