Жарнама
Инфрақұрылым

Енді таза су ішеміз

Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан №5 су сүзгі станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның мақсаты – Жайық өзенінен алынған суды толық тазартып, қала тұрғындарын қосымша ауыз сумен қамтамасыз ету.

Жаңа станцияның іске қосылуы қаладағы ауыз су тапшылығы мен қысымның жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Станцияның қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метрді құрайды. Су Жайық өзенінен қалқымалы және жағадағы бірінші көтеру сорғы станциялары арқылы алынады.

– Қалқымалы станция су деңгейі төмендеген жағдайда да үздіксіз жұмыс істей береді. Су тазарту жұмыстары тұндыру, сүзу және натрий гипохлоридімен залалсыздандыру арқылы жүргізіледі. Бұл реагент станция жанындағы қондырғыда ас тұзынан өндіріледі. Жуып-шаю суларын қайта пайдаланатын жүйе су үнемдеуге мүмкіндік береді. Тазартылған су үш резервуарда сақталып, 2-ші сорғы станциясы арқылы тұрғындарға жеткізіледі,- деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай.

Станцияда әрқайсысы 10 мың текше метр болатын үш су сақтау резервуары орнатылған.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button