Елді мекендерде электр желілерін ауыстыру жұмыстары жалғастырылуда

img 2867 Инфрақұрылым

Атырау облысында батыс аймағының электр желісін кеңейту жобасы іске асырылды. Бұл электр қуатын 100 МВт-тан 200 МВт дейін өсіруге және қуатты Маңғыстау өңіріне өткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта Қазақстанның бірыңғай электр жүйесіне қосылу мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар елді мекендерде электр желілерін ауыстыру жұмыстары жалғастырылуда. Биыл облыста 249 шақырым электр желісі жаңартылды. Жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын электр желілерін ауыстыру жұмыстары келесі жылы аяқталмақ», – деді облыс басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз