Жарнама
Инфрақұрылым

Атырауда жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып жатыр

Атырау қаласында жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Жыл басынан бері бұл бағыттағы жұмыстарды “Жайық Сити” ЖШС атқарып келеді. Қазір жоба көлемінің 70 пайызы орындалған, — деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Учаске басшысы Мейрамбек Молдашевтің айтуынша, бүгінде құрылыс Шүкір Еркінов көшесінде жүріп жатыр. Мұнда жолдың негізгі жұмыстары аяқталып, тас төсеу жұмыстары қолға алынған.

– Қазір қала бойынша екі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Оған 25 жұмысшы, 2 трактор, 3 жүк тиегіш техника және арнайы катоктар тартылған, – деді ол.

Жоба жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар “Нұрсая”, “Бірлік”, “Атырау”, “Алмагүл”, “Лесхоз”, “Сарықамыс”, “Құрсай” және “Балықшы”шағынаудандарын қамтиды.

Қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – негізгі басымдықтардың бірі. Осы орайда жаяу жүргіншілер жолының салынуы қаланың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button