
Атырауда 457 көшеге жарық орнатылды
Атырау қаласында көшелері жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Биыл жоспарланған көшелердің басым бөлігінде жарық қосылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалуда. Бұл туралы қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің энергетика және байланыс секторы меңгерушісінің м.а. Олжас Хасанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–2024-2025 жылдары 457 көшеге жарық орнатылып, оның 310-ы іске қосылды. Ал 147 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделіп жатыр. Ақпан-наурыз айларында бұл көшелердің де жарығы қосылады. Келесі 7-кезеңде 300-ге жуық көше жарықтандырылады деп жоспарланып отыр, — деді Олжас Хасанов.

Айта кетейік, “Атырау қаласын жарықтандыру” мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 2017 жылдан бері 1332 көше жарықтандырылды.