Жарнама
Инфрақұрылым

Биыл Атыраудағы Қ.Сәтбаев атындағы даңғыл қайта жаңғыртылады

Ұзындығы 2,34 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жұмысы сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме де анықталды. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 7165
Screenshot

Жоба аясында даңғылдың Ерниязов көшесімен қиылысатын тұсынан бастап Құрманғазы көшесіне дейінгі аралығына қосымша бір жолақ салынады. Яғни, даңғыл кеңейіп, айналасы абаттандырылмақ.

img 7160
Screenshot

-Атырау қаласындағы негізгі елді мекендердің 95 пайызы тас жолмен қамтылған. Қазіргі уақытта шаhар, ауылдық округтер аумағында тас жолы жоқ көшелерге асфальт төсеу мақсатында жобалық-сметалық құжақ жасақталуда. Жоба аясында 60 шақырымға жуық жерге жол салынбақ, — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Қала ішіндегі көлік қозғалысын дамытып, кептелісті азайту мақсатында Атырау-Астрахан тас жолы арқылы «Нұрсая» шағынауданына тікелей шығуға мүмкіндік беретін жол салынады. Яғни, ұзындығы 1,4 шақырым болатын жаңа жол Самал ықшам ауданындағы 31 көше мен Атырау-Астрахан трассасын қоспақ. Бұл жұмыс осы жылдың І тоқсанында басталады.

img 7162
Screenshot

Атырау қаласында тағы іске асып жатқан бір жоба Жастар көшесінен Әбілқайыр даңғылына шығуға мүмкіндік береді. Үш шақырымдық жолды салу жұмысы 2023 жылы басталған еді. Бүгінде екі шақырымға асфальттың алғашқы жабындысы төселген. Қазір көпір салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button