
«Атырау — Индер»: тас жолдың жиегі жөнделуде
Өр суынан бүлінген «Атырау — Индер» тас жолының 44 шақырым жол жиегі жөнделіп жатыр. Жөндеу жұмыстары барысында су басқан учаскелерге қосымша су өткізгіш құбырлар салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

-Облыстық маңызы бар Атырау-Индер автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу жоқ. Тас жолдың жүруге жарамсыз аумағына айналма жол салынған. Қазір 44 шақырым болатын жол жиегі мен 3 шақырым жол жабындысы қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл аумаққа 17 техника мен 24 жұмысшы жұмылдырылды. Аталған жұмыстарды «Атырау жолдары», «Қазақдорстрой» ЖШС жүргізуде, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Нұралы Әбишан.

Айта кету керек, Ойыл, Жем, Жайық өзендерінің тасуы салдарынан Қызылқоға, Жылыой, Индер, Махамбет аудандарындары және Атырау қаласында барлығы 25,4 шақырым жол мен 6 көпір бүлінді. Оларды қалыпқа келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.