Атырау қаласында Ж.Молдағалиев көшесі жөнделуде

424242 Инфрақұрылым

Орталықтағы Ж.Молдағалиев көшесінің Азаттық көшесімен қиылысқан тұсы және «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ғимаратына дейінгі аралықтағы жолды жөндеу жұмыстары басталды.

AtyrauPress таратқан мәліметке сүйенсек, ұзындығы 438 метрді құрайтын Ж.Молдағалиев көшесін жөндеу шамамен 3 айға созылады. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «КДСМ» ЖШС атқарып жатыр. Серіктестіктің үйлестірушісі Бекежан Мажитовтің сөзінше, қазір құрылысшылар демонтаж жұмыстарымен айналысуда.

–Бұл көшені 3 айдың ішінде жөндеп шығуға тырысамыз. Егер жолдың асты таза болса, бұл уақыттан да ерте аяқтауға болады. Оның астында не барын білмейміз ғой. Мәселен, тоқ немесе басқа да желі шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс уақыты созылатынын ескерткім келеді, – дейді  компания өкілі.

Айта кету керек, аталған көшенің беткі қабаты толығымен алынып, орнына жаңа асфальт төселеді. Жол жиектері де қойылып, жаяу жүргіншілер жолы жаңартылады. Бұл аталған мекенжайда бірнеше жылдан бері жасалып жатқан жөндеу жұмысы.

Жауапты мердігер мекеме Ж.Молдағалиев көшесімен қатар, Г.Әліпов және М.Темірханов көшелерін де жөндемекші. Аталған 3 көшеге Атырау қаласының бюджетінен 507 млн. 453 мың теңге бөлінген. Осы қаражатқа жалпы ұзындығы 1 395 метр жол жөнделеді.

Суреттерді түсірген Ұлболсын МАРСОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз