Жарнама
Экология

«Жасыл» инвестицияларды тарту – уақыт талабы

Атырауда  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті көшпелі отырыс өткізді.  Онда негізінен бүгінгі уақыт талабына айналған қоршаған ортаны қорғау мен аймақтың экологиялық ахуалын сауықтыру мақсатында мемлекет тарапынан  «жасыл»  инвестицияларды тарту және осы бағытта қолжетімді үздік техника мен озық технологияны қолданушыларды ынталандыру мәселесі қаралды.

            Ауқымды да өзекті проблеманы талқылаған алқалы басқосуға Сенат депутаттары, экология, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы министрліктері мен өзге де республикалық ведомостволардың жетекшілері, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшылары, жергілікті атқарушы және өкілді билік органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ ірі табиғатты пайдаланушы компаниялардың өкілдері офлайн және онлайн режимде қатысты.

            Н.Балғымбаев атындағы коммуникация орталығында өткен отырыста күн тәртібіндегі мәселеге орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, Парламент  Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев баяндама жасады. Одан бөлек, қосымша хабарламалар тыңдалды. Соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

            Алдын ала жоспарланғанындай, көшпелі отырысқа қатысушылар KPI компаниясы мен Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, өндіріс нысандардағы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ахуалды оңалту жұмыстарының, сондай-ақ «жасыл» инвестициялар мен бұл салада озық технологияларды тартуға бағытталған жобалармен, нақты жүзеге асып жатқан іс-шаралармен танысты.  Сол сияқты, Үкімет мүшелері мен Сенат депутаттары «Сарайшық» сапар орталығында, Атырау бекіре балығын өсіру зауытында және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында болды.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button