Атырауда тазалық акциясы жалғасын тапты (+ФОТО)

67543874 866658210383330 6890015252394541056 n Жаңалықтар

Atr.kz/5 тамыз, 2019 жыл. #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына 2500 атыраулық қатысты.

– Атырауда Жайық өзенінің жағалауын санитарлық тазарту бойынша кезекті акция өтті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен сенбі, 3 тамызда Атырауда #birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының кезекті сенбілігі өтті. Сенбілікке 121 ұйымнан 2500-ге жуық қала тұрғындары қатысты.

67963096 866640467051771 6757441324342837248 n
67708930 866640427051775 487717257565175808 n
67810901 866640393718445 6153603849199288320 n
67608101 866640200385131 3569911094845636608 n

– Экологиялық акцияға қатысушылар барлығы 38 тонна қоқыс жинады. Санитарлық тазалық жұмыстарына 38 арнайы техника жұмылдырылды – 23 КамАЗ, 4 автобус, 1 қайық, , 2 тиегіш, 5 трактор және 1 манипулятор, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин.

Айта кетейік, #birge #TazaQazaqstan науқанының екі кезеңінде Жайық өзенінің жағасынан 60 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

«Акция алдағы айларда жалғасады», – деді Шәкір Кейкин.

67484018 866658133716671 7694766203813756928 n
67817060 866640150385136 8659007312616226816 n
67693905 866658180383333 4089697352791621632 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз