Атырауда тауық еттері жойылып жатыр

img 17178 Экология

Атырауда Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмегендіктен, тонна жарым тауық етінен дайындалған өнім жойылды.

Бұған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізген тексеру себеп болған. 108 сынаманың 40%-дан астамы жарамсыз екені анықталды.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің бройлер-балапан етінен адам өміріне қауіп төндіретін бактериологиялық көрсеткіші табылды. Осыған байланысты ірі кәсіпкерлік субъектісі – «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Тексеру кезінде субъект тарапынан өнім сапасының талапқа сәйкес еместігі анықталып, сатылымдағы 1 тонна 597,65 келі бройлер тауық етін жою туралы санитарлық-эпидемиологиялық нұсқама берілді», – деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Өнім өртеу арқылы жойылды. Бұл іс-шараға Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қалалық ветеринарлық инспекция басқармаларының мамандары, сондай-ақ, «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-нің сенімді өкілі қатысты.

Дереккөз: azh.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз