
Экология
Жастар «Таза Қазақстан» бастамасын қолдайды
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына жастардың қосқан үлесі туралы айтты.
Биыл 35 мыңнан астам қазақстандық жас елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға қатысуда. Жұмыс ақылы, ал қатысушылардың саны мемлекеттің қолдауының арқасында жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта жастар ағаш отырғызумен, қоқыстарды жинаумен және жергілікті жерлерде экологиялық мәдениетті насихаттаумен айналысады.