Жарнама
Экология

Жаңаталап ауылында 700 тал егілді

Қала аумағындағы Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі саябаққа жексенбіде 700 тал егілді.

Бұл шараны облыстық ішкі саясат басқармасының қолдвуымен «Жеті жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Акцияға «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері, ауылдың белсенді жастары қатысты.

Мұндай ізгілікті шара бұған дейін қаланың өзге ауылдық округтерінде өткізілген болатын. Осында да ағаш отырғызу жұмыстары былтырдан бастап қолға алынды. Алайда, сыртында қоршауының жоқтығынан, суару жүйесінің жүргізілмеуінен жас өскіндер оталып, егілген талшыбықтардың біразы шықпай қалды. Қазірде бұның бəрі қалпына келтірілді. Осы жолы Махамбет орман шаруашылығы мекемесінің тұқымбағында өсірілген жеті жүз көшетті отырғыздық. Бұйыртса, енді еккен ағаштарымыз бой алып, жетіліп кетеді, деген үміттеміз. Ағаштардың бағым-күтімін де ауыл жастары өз міндетіне алып отыр. Ең бастысы, ізгілікті іс қылуға ізгі ниет, жақсылық жасауға деген ұмтылыс байқалады, жастардың бойында. Бізді қуантатыны да да сол. Сол себепті, игі бастамаға сəттілік тілейміз, — дейді қоғамдық қордың директоры, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абылай Құрметұлы.

whatsapp image 2021 10 24 at 16.18.05 2

Өзіміз көзімізбен көріп, куəсі болғанымыздай, келешекте елді мекеннің көркіне айналар саябақтың сырты түгелдей қоршалған, ішіне тамшылатып суару қшбыры тартылыпты.

whatsapp image 2021 10 24 at 16.18.05

Дəулетқали Аруев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button