Жарнама
Экология

Жайықтың жайы ЖЫЛАРМАН

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІРГЕ АЙНАЛҒАН ПАРТИЯЛАР МЕН ДЕПУТАТТАРДЫҢ АТҚАРАР ІСІ ДЕ, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ ЗОР. ӘСІРЕСЕ, СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АТЫРАУЛЫҚ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ-АЙМАҚТЫҢ, ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЖИІ КӨТЕРІП ЖҮР. БЕЛСЕНДІ БАСТАМАЛАРДЫҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ ДЕ БАР.

Жуырда «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сəлімжан Нақпаев Премьер-Министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдап, Атыраудың бірнеше өзекті мəселесін көрсетіп, оны шешу үшін шұғыл түрде іске кірісу қажеттігін баса айтты. Экономика үшін табиғи ресурстарды сақтау жəне көбейту – Президент алға қойған басты міндеттердің бірі. Соңғы жылдары Жайық өзеніне келетін су көлемінің азаюына байланысты, 2018 жылдан бері Каспий теңізіне құятын өзеннің сағасында да су деңгейі күрт төмендеп, қазір тереңдігі небəрі 40-50 см құрайды. Мұндай апатты жағдай өңірдегі бірнеше саланың дамуы мен жұмыс жасауына залалын тигізіп отыр. Сондықтан да Жайық өзенінің сағасында түбін тереңдету жұмыстары кезек күттірмей басталуы тиіс.

Жуырда өткен Үкімет сағатында өңірлердегі балық шаруашылығын дамыту жұмыстарын күшейту
тапсырылды. Бірақ, айдынды аймақ Атырауда 5000-ға жуық балықшыны біріктіретін 800-ге жуық балық аулау бригадасының теңізге тұрақты түрде шығуға мүмкіндігі жоқ. Оның нәтижесінде балық
аулау лимиті орындалмайды және жергілікті қазынаға тиісті салық түспейді. Ең бастысы – осынша балықшы жалғыз табыс көзін жоғалтады. Ал, партияның бағдарламасы халықтың табысын арттыруға бағытталған.

– Бұл жағдай ҚР ҰҚК шекара қызметінің Жағалау күзеті кемелерінің теңізге кіруіне және шығуына
да елеулі қиындықтар туғызып отыр. Сонымен қатар, Теңіздегі Қашаған кен орнында түрлі апаттар

Жайықтың жайы жыларман болған жағдайда мұнайдың теңіз бетіне төгілу қаупі бар. Сондықтан Жайық өзенінің теңізге құятын жеріне жақын жерде «Солтүстік Каспий мұнайының төгілуіне әрекет етудің экологиялық базасы» орналасқан. Ол апат кезінде теңізге тараған мұнайды шұғыл түрде жинауы керек. Ал, су деңгейінің Жайық өзенінің атырабындағы 1,4 м сыни белгіден төмен түсуі мұнайдың авариялық төгілуін жедел жою мақсатында (ОЛАРН) мамандандырылған
кемелердің өтуіне мүмкіндік бермейді, — деді Сәлімжан Нақпаев.

Депутат жұмыссыздық пен орны толмас апаттың алдын алу мақсатында шұғыл шаралар
қабылдап, Жайық өзенінің сағасындағы түбін тереңдету жұмыстарына Қазақстан
Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан қаражат бөлуге қолдау көрсетуді
сұрады.

P.S: Мәселе Үкімет деңгейінде көтерілді. Демек, сең қозғалды. Қолға алған ісін аяқсыз қалдырмайтын атыраулық фракция мүшелерінің жұмыс барысы туралы біздің газеттен оқи аласыздар.

Салтанат САНСЫЗБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button