
Экология
“Tazalaiyq” экологиялық акциясы өтті
“Жасыл ел” ЖЕЖ облыстық штаб құрамы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай “Таза Қазақстан” жобасы аясында ұйымдастырылған “Tazalaiyq” экологиялық акциясына қатысты.
Бұл жолы белсенді жастар Жайық өзенінің бойын қоқыстан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты
Акция Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтті. Іс-шараға үкіметтік емес ұйым өкілдері мен өңірдің белсенді жастары да белсене атсалысты.