Атырауда медициналық қалдық өртегендер анықталды

vpavpvvpavpvp 870x400 1 Экология

Атырауда рұқсаты жоқ серіктестік медициналық қалдықтарды жоюмен айналысқаны анықталды.

Ресми inform.kz мәлім еткендей, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тиісті лицензиясыз медициналық қалдықтарды өңдеу және жою қызметін көрсету дерегін анықтады.

«Жаңа Экологиялық кодекстің және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның талаптарына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге, оның ішінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға лицензия талап етіледі. Алайда, «Атаким» ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес Атырау қаласының медициналық мекемелеріне тиісті рұқсат құжаты болмаса да медициналық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсетіп келген. Осыған байланысты прокурорлық ден қою шараларымен қаладағы 15 емхана, 2 оңалту орталығымен 22,4 млн теңгеге медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған 19 шарт бұзылды. Бұған жауапты 14 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды» деп хабарлады табиғат қорғау прокуратурасынан.

Сондай-ақ, облыстық экология департаментіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463-бабымен (Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік қызметпен айналысу) кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бағытында шаралар қабылдау,заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.

Естеріңзге сала кетейік, бұл мәселе «Атырау» газетінде де көтеріліп, журналистік зерделеу жүргізілген болатын:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз