Жарнама
Экология

«Таза Қазақстан»: тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналып қалады, ал оларды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құрады. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеу үшін заманауи инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Былтыр өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізілуде. Маусым айында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің пилоттық жобасы аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылды. Осылайша, ҚТҚ утилизациялау көлемін азайту бойынша өзекті мәселелердің бірі шешілуде.

Сонымен қатар бүгінгі таңда 62 жоба мақұлданды, бұл өңдеу қуатын жылына 1,1 млн. тоннаға арттырады. Оның ішінде 52,7 млрд. теңгеге 13 жоба қаржыландырылды, ал тағы 21 жоба – 74,5 млрд. теңге Кәсіпкерлікті дамыту қорында сараптама сатысында тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button