Атырауда өткен сенбілікте өзен жағалауынан 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды

IMG 20190317 WA0007 Экология

Atr.kz/17 наурыз, 2019 жыл.  «Таза жағалау» сенбілігіне 2600-ден астам тұрғын қатысып, 9 бірлік арнайы техника тартылды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG 20190317 WA0000

16 наурызда “Nur Otan” партиясы Атырау филиалы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға 2600-ден астам қала мен селолық округтердің тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты. -Сенбілікке қатысқандар қатары көп болды, 52 тонна қоқыс жиналды. Келесі жолы да барлық тұрғындарды осы бастаманы қолдауға, жағалауды тазартуға қатысуға шақырамыз, -деді Азаматтық орталықтың медиа бөлімінің меңгерушісі Сымбат Жандарбек. Сонымен қатар, сенбілік қортындысы бойынша 4,3 тонна өлі балық жиналды, балықтардың салмағы есептеліп, қылмыстық іс материалына тіркелді. 10 желтоқсан 2018 жылдан бастап «Казгидромет» РММ Жайық өзеніндегі су жағдайына мониторинг жүргізіп келеді. Зертханалық сынамалар ластанудың жоғары және өте жоғары деңгейін көрсеткен жоқ.

Қазір Қазгидромет мониторинг аясында штаттық режимде апта сайын сынама алып отыр. Су сынамасын Экология департаменті мен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті де жүргізуде. Бүгінге дейін 200-ден астам сынама алынды. Бұл өзеннің жағдайына мониторинг үшжақты жүргізіліп жатқанын және өзен жағдайы қалыпты екенін көрсетеді.

Айта кету керек, қырылған балықтардың басым бөлігі (102,862 тонна) жасанды түрде өсірілген, яғни өзендегі бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяциясына қатысы жоқ. Жайықтағы балық қорының табиғи популяциясына жиналып алынған жалпы салмағы 11,3 тонна частик тұқымдас балықтар жатады.

IMG 20190317 WA0004

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп тұрақты түрде аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды дайындауда. Жағдайға мемлекеттік органдармен бірге «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, Атырау облыстық әкімдігі мониторинг жүргізіп отыр. «Nur Otan» партиясының филиалымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қадағалау комитеті қызметкерлері сауда орындарындағы балық сататын нүктелерге күн сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді.

IMG 20190317 WA0006
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз