«Таза Қазақстан»: Облыста жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қандай жұмыстар атқарылды?
Елімізде 6 сәуірден бастап «Таза бейсенбі», «Таза өлке», «Таза аула» атауымен экологиялық акция басталып, қазақстандықтардың қолдауымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына айналды. Алайда, Атырау өңірі аталмыш акцияны кеш бастады…
Оған себеп, 5 сәуірде таңғы сағат 4-те Құлсары қаласын су басып, тасқынды алдын алу жұмыстары қарқынды бастау алып кетті. Мұның салдарымен күресу, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясымен бірігіп, ауқымды жұмыстарға ұласты.
Бұл туралы толығырақ тарқату үшін подкастқа облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жасыл-экономика және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы Мейрамбек Аухадиевті, облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Нұрболат Сахиповты, «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің басқарма басшысы Кулянда Әжіғалиеваны шақырып, атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат алдық.
Подкастта экологиялық мәдениет, балаларын қоғамдық тазалыққа баулыған отбасы, экологиялық маңызы бар нысандарды бүлдіргенде қандай жауапкершілік, айыппұл салынатыны жөнінде толық ақпараттар айтылады.