Аяласаң,табиғатты аяла! Бұл – әр адамның борышы ғана емес,міндеті

  Жаңа айдар: «Оқырманнан – 10 сауал» Облыстық «Атырау» газетінің жаңа айдары «Оқырманнан – 10 сауал» деп аталады. Жаңа жобаның алғашқы қонағы – Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ербол Бисенұлы ҚУАНОВ. Аяласаң, табиғатты аяла! бұл – әр адамның борышы ғана емес, міндеті

– Жайық өзенін қазу жұмыстарын жүргізуде қандай шаралар бар? Әсіресе, суы тайызданып кеткен Индер ауданының тұстарын қазу туралы ұсыныстар бар ма? Ғалия ҚАБДОЛОВА, Индер ауданы. Жауап:

– Жайық өзені – Индер ауданын ауыз сумен қамтып отырған жалғыз су көзі. Соңғы 15 жылдан бері көктемгі су тасқынын есептемегенде өзен суының арнасы үш есеге тартылып, аралдар пайда болуда. Қазіргі таңда су тереңдігі кейбір жерлерде бір метрге де жетпейді. Бұған Ресейден келетін судың өз деңгейінде жіберілмеуі себепші. Жыл сайын әртүрлі деңгейде өтетін кеңейтілген жиындарда бұл мәселе сан мәрте айтылып жатқанымен, күні-бүгінге дейін шешімін таппады. Сондықтан, аталмыш проблема күн тәртібінен әлі де түспейді.

– Лас қалдықтарды шығарып, ауаны бүлдіріп жатқан өндіріс орындары айыппұл төлейді. Бұл бүлінген топырақты, ауаны тазалаудың мәселесін шешпесі анық. Сондықтан, қоршаған ортаның тазалығын сақтауда өндіріс ошақтарына нақты міндеттеме жүктеле ме? Ерболат ШОҚАН, Атырау қаласы. Жауап:

– Департамент табиғатты ластаушыларға тек қана айыппұл төлетумен шектелмейді. Экологиялық реттеу жүргізіп, мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бергенде ауаны бүлдіріп жатқан өндіріс орындарына шарттар ұсынады. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауытының темір жол цистерналарына мұнай құю кезінде күкіртті суттегі, меркаптан сынды ластаушы қалдықтар ауаға таралатындықтан, оны кері қайыру қондырғысын орнатуға тапсырма жүктелді. Атырау жылу электр орталығына құбырларды салқындатуға пайдаланылатын судың көлемін азайту туралы ұсыныс берілді. Аталған орталық Жайықтан алатын судың көлемін азайтуға бағытталған нақты шаралар жоспарлады. «Рип-Газ» ЖШС-не ауаға тасталатын зиянды заттарды азайту үшін тепловоз двигателін ауыстыру қолға алынды. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы мемлекеттік экологиялық сараптама қортындысы бойынша өндірістік ақаба суларды тазалап, қайта пайдалану көлемін 70 пайызға жеткізуге жоба жасақтауда. «КаспийПромСтройНедвижимость» серіктестігіне вагондарды бумен тазалау жұмыстары кезінде қаланың ауасы ластанатындықтан, департаменттің ұсынысымен Атырау қаласының бас жоспарына мекемені қаладан 15-20 шақырым жерге көшіру енгізілді.

Дайындаған: Алтыншаш Құрмашева.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз