«Таза аймақ — таза өмір»
Облыстық ҮЕҰ мен волонтерлік бірлестіктердің қатысуымен көлдер мен өзендер жағалауларын тазарту бойынша «Таза аймақ — таза өмір» плоггингі өтті.
Іс-шарада еріктілер қала маңындағы «Жұмыскер» шағынауданындағы Жайық жағасын тазартты.
Сенбілік күнін қызықты өткізу үшін ұйымдастырушылар плоггинг жарысын ұйымдастыруды ұйғарған. Бұл экологиялық акцияның жаңа түрі, яғни олар сенбілікті спортпен біріктірген. Командаға бөлініп, маршрут бойымен жүгіріп, қоқыс жинады.
— Біздің жағдайда жүгіру, әрине, қиын болды, бірақ бәрі де жеткілікті жылдамдықпен жүргіре алды. «Таза аймақ – таза өмір» деп аталатын іс-шараны қолдауға 50-ден астам адам келді. Бұл «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы шараның бірі. Бірігіп 100 қап қоқыс жинадық», — дейді облыстық ішкі саясат басқармасының жастарды және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Айдар Жален.
Жайна МӘЛІМҚОЖА