Атырауда дауылды ескерту жарияланды

dd74bd38 4dee 48a3 bace 016aea18476a Экология

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 14 сәуірде  өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыстан жел соғады, аймақтың солүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды деп күтілуде.     

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

– көшеде қатты жел соқса, ғимараттар мен құрылыстарды паналау қажет;
– қатты желден үй қабырғасына тығылмаңыз, өйткені шатыр құлап кетуі мүмкін;
– үзілген сымдарға жақындау қауіпті;
– билборд, маңдайша, жол белгілері, электр желілерінен аулақ жүрген жөн;
– үлкен ағаштардың жанында болу және онда автокөлік қою да қауіпті ;
– үйдің барлық терезесін жауып, құлап кетуі мүмкін балкон мен лоджиядан сақтанған дұрыс;
– автокөлік пен шағын қайық иелері құбылмалы ауа-райы жағдайын ескеруі керек.

Д.Берденов,

Атырау облысы ТЖД ТЖААБ бас маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз