Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек?
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мамандары су тасқыны болған кезде қандай әрекет жасау керек екенін түсіндірді.
«Үйлер мен жер опырылып, барлығы қозғалып қирап жатқан болса, су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады. Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті, себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Ескерту сигналдарымен танысыңыз, көшірудің ережелері мен шараларымен танысыңыз да соған алдын ала дайын болыңыз» — деп ескертеді баспасөз қызметі.
Су тасқыны қаупі болған кездегі әрекеттер:
Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек.
Сабырлық сақтап, көршілерге ескертіңіз, мүгедектерге, балаларға және де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.
Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
Электрлік тоқтарды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз.
Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.
Шамаңыз келсе су басқан аймақтан кетіп қалыңыз.
Есік терезені жабыңыз, уақытыңыз болса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тырысыңыз.
Жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қабат үй болса, төбесіне шығып алыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болыңыз, құтқарушыларға белгі беріңіз, сізді тезірек тауып алуына мүмкіндік жасаңыз.
Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз. Судың бетіндегі адамдарға құрғақ, жылы киім кигізіп, тыныштандыратын дәрі беру арқылы алғашқы көмек көрсету керек. Судың астынан шыққан адамдарға жасанды тыныс алу жасау қажет. Судың астында қалып қойған жағдайда үстіңіздегі ауыр киімдер мен аяқ киімді шешіп, жақын маңнан көмек келгенше пайдалана тұратын зат тауып алыңыз. Құтқару құралдарын толтырмаңыз (катерлер, қайықтар, құдықтар).
Егер сіз көлікте болсаңыз:
Су басқан жолдармен жүрмеңіз ағыс алып кетуі мүмкін.
Су басқан аймаққа тап болсаңыз, ал көлігіңіз істен шықса, дереу көмек шақырып, көліктен шығып кетіңіз.
Аумақты су басу қаупін байқаған кезде ТЖ қызметінің 112 нөміріне хабарлау қажет.
Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз бар.
Хорлан СМАДИЯР
Дұрыс айтасыз