«Sprite» жасыл бөтелкеден бас тартты
60 жылдан астам қолданылған түсті бөтелкелерді қайта сұрыптау мүмкін емес болғандықтан тамыз айынан бастап Sprite сусына түссіз бөтелкемен сатылатын болады. Бұл туралы CNN BUSINESS агенттігі хабарлады.
Coca Cola компаниясы экологияға үлесін осындай шешім арқылы қоспақ.
«Жасыл түсті бөтелкенің құрамында полиэтилентерефталат бар. Бұл қоспа қайта сұрыптауға кедергі келтіреді. Ал жаңа түссіз бөтелкені кері қолдануға болады», — дейді R3cycle компаниясының басшысы Джулиан Очоа.
Coca Cola компаниясына қатысты экологияға тигізетін зияны үшін көп сын айтылып келеді. 2020 жылы Break Free From Plastic экологиялық ұйымының дерегінше, аталмыш мекеме Жер шарын ең көп ластаған, оның логотипі бар бөтелкелерді 51 мемлекеттен 13 834 жерден тапқан. Әсіресе, қоғамдық орындардан Coca Cola өнімдерінің қалдығын жиі кездестіруге болады.
2018 жылы Компания өздігінен «Қалдықсыз әлем» акциясын қолға алды. Оның мақсаты 2030 жылға дейін әр сатылған бөтелкені жинап, қайта сұрыптау. Былтыр олар сусындарды 100% қайта өңделетін бөтелкемен сата бастады.