Жарнама
Экология

Қазақстанға Тұран жолбарысы қоныстандырылады

Республика Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Freedom Holding Corp. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және тиімді басқару мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, орман экожүйелерін қорғауға және елдің биоресурстарын қалпына келтіруге арналған жобаларды іске асыруды көздейді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумға қол қою рәсімі 11-22 қараша аралығында Әзербайжанның Баку қаласында ұйымдастырылып жатқан COP29 конференциясы аясында Qazaqstan ұлттық павильонында өтті. Оған Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов қол қойды.

Ынтымақтастық аясында тараптар Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқару үшін озық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге ниетті. Бұл бастама елдің экологиялық қауіпсіздігін арттырып, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Тұран жолбарысын қайта қоныстандыру – серіктестіктің басты бағыттарының бірі. Меморандумға сәйкес, тараптар тұран жолбарысын Қазақстан аумағында қайта қоныстандырып, оның табиғи мекендеу ортасын қорғауға күш салмақ. Бұл жоба экожүйелердің тұрақтылығын арттырып, Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтауда маңызды қадам болады деп күтілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button