Өр суы Қаракөлге жетті

img 20220408 wa0034 Экология

Бір аптадан бері Қызылқоға  жұрты қуанышты. Үш жылдан бері  арнасы кепкен Ойылдың жылғасына су жүріп, елдің де уайымы басыла түскен еді. Бүгін міне өзеннің соңғы сағасындағы Қаракөл, Қарабау, Тасшағыл елді мекендеріне  су жетіп жатыр. 

«ҚазСуШар» РМК-ның Қызылқоға ауданы филиалының бастығы Сайлаубек  Темірғалиевтің айтуынша  Ералы және Тамдыкөл су тораптарының қақпасы толығымен ашылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында  да жағдай тұрақты. 

Бүгінде ауданның әр ауылында жергілікті тұрғындар  каналдарды тазалап, өр суын мақсатты пайдалануға жұмыстанып жатыр. 

Салтанат Сансызбай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз