Экология
Өр суы Қаракөлге жетті
Бір аптадан бері Қызылқоға жұрты қуанышты. Үш жылдан бері арнасы кепкен Ойылдың жылғасына су жүріп, елдің де уайымы басыла түскен еді. Бүгін міне өзеннің соңғы сағасындағы Қаракөл, Қарабау, Тасшағыл елді мекендеріне су жетіп жатыр.
«ҚазСуШар» РМК-ның Қызылқоға ауданы филиалының бастығы Сайлаубек Темірғалиевтің айтуынша Ералы және Тамдыкөл су тораптарының қақпасы толығымен ашылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында да жағдай тұрақты.
Бүгінде ауданның әр ауылында жергілікті тұрғындар каналдарды тазалап, өр суын мақсатты пайдалануға жұмыстанып жатыр.
Салтанат Сансызбай