
Экология
Миялыда су деңгейі төмендеді
Миялы ауылында тасқын судың беті қайтты.
Миялы-Қарабау-Индер тасжолы жырылғаннан кейін су деңгейі төмендеді.
Қазір тасқын су Қамыскөлден әрі қарай Жарыпшыққанға құйып Тайсойған ауылына қарай ағуда. Ауылдың айналасындағы сайларға су толды.
Миялы ауылымен Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға ауылдық округтерімен байланыс үзілген жоқ. Шұғыл шаруалары бар тұрғындарды қайықпен өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін Миялы мен Жангелдин ауылы арасында 200-ге жуық тұрғын қайықпен өткізілді.
Азық-түлік қоры жеткілікті. Аудандық полиция бөлімінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.

