«Тухлая балка»… құтылатын күн жақын

tuhlaia balka 1 Экология

Күлімсі иістен тұншыққан халықтан сүйінші сұрайтындай хабар бар. Атырауда сарқынды сулардың булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Ауқымды алқапты алып жатқан «Тухлая балка» алаңының 860 гектары – Атырау мұнай өңдеу зауытының иелігінде. Бүгінде аталған зауыт «TAZALYQ» жобасы аясында осы алқаптарды рекультивациялауға кірісіп отыр. Бұл жұмыстар мемлекет басшысының өнеркәсіптік кәсіпорындардың аймақ экологиясына теріс әсерін азайту жөніндегі тапсырмасы негізінде қолға алынған болатын. Атыраудағы экологиялық ахуалды жақсарту жөнінде жасақталған «Жол картасы» бойынша булану алаңдарының жұмысы 2023 жылға дейін толық қалпына келтірілуі керек. Бүгінгі басталған іс-шаралар зауыттың сарқынды суларын булану алқабына ағызуды кезең-кезеңімен тоқтатуды, оны пайдалануды және өңірдің жер асты суларына, флорасы мен фаунасына теріс әсерін болдырмау мақсатын көздейді.

  • Жуырда алаңға кіреберіс жолдары салынып, қала әкімдігі мен Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі бөлігі арасында қоршау бөгетін тұрғызу үшін құрылыс жұмыстарына дайындық басталады. Әрі қарай жоба технологиясына сәйкес, булану өрістерінің аумағы 4 секторға бөлініп, құрғатыла бастайды. Оның ішінде қамыстарды шауып, жер жыртып және арнайы биологиялық өніммен өңдеу шаралары жүргізіледі.

Жиында жүзеге асырылатын жоба көпшілікке жан-жақты таныстырылды. Басқосуға Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан, экологиялық бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым өкілдері, аталған зауыттың және мердігерлік компаниялардың басшылары қатысты. – 2021 жыл «Қазмұнайгазда» Экология жылы деп жарияланды.

  • Зауыт мұнайлы өңір алдындағы өз жауапкершілігін түсіне отырып, «TAZALYQ» сияқты ауқымды экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Біз сарқынды су – ларды жоғары сапалы тазартуды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға ластаушы заттардың ағызылуын айтарлықтай төмендететін заманауи технологиялық процестерді іске қосамыз, – деді «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры Шухрат Данбай. Жасыратыны жоқ, «Тухлая балка» – өңірдің экологиялық ахуалын қиындатып отырған басты проблеманың бірі. Қаладағы мүңкіген жағымсыз иістің негізгі көзі де осы болып тұр. Сондықтан булану алаңдарының жұмысын қалпына келтіру – уақыт күттірмейтін мәселе. Бұл туралы облыстың бас экологы Әлібек Бекмұхаметов атап айтты. – Алаңды қалпына келтіру бойынша жасалуы қажет жұмыстар республика Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Атырау облысының ә к і м і М а ха м бе т Д о с м ұ ха м е то в бекіткен экологиялық проблемалар жөніндегі «Жол картасына» енгізілді. Қазір осы құжаттағы басты талаптың бірін орындауға Атырау мұнай өңдеу зауыты кіріскелі отыр. Алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, еңбектің н ә т и ж е л і б о л ғ а н ы н б а қ ы л ауд а ұстаймыз. Өйткені тұрғындардың таза ауамен тыныстауы аса маңызды, – деді Әлібек Мұратұлы. Атырау мұнай өңдеу зауыты «TAZALYQ» жобасын беделді қаржы институтымен және экологиялық жобаларды іске асырудағы көшбасшы – Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырады.

tuhlaia balka 2

Бұл жоба тек экологиялық мәселелерді ғана емес, аймаққа тән әлеуметтік проблемаларды да шеше алады. Булану алаңдары – басты назарда Ал «Тухлая балканың» қалған б ө л і г і м е н « К в а д р а т » бул а н у алаңының мәселелері қалай шешімін т абады? Бұл сұраққа облыстық табиғи ресурстар және табиғат пай[1]далануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстаннан жауап алдық. – Қала әкімдігі өзінің балансында тұрған «Тухлая балканың» 476 гектар аумағына жобалық сметалық құжаттама әзірледі. Қазір елдің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен к е л і с і м б о й ы н ш а ж о б а н ы республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатыр. 1,1 млрд. теңгеге тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне жолданды. Сонымен қатар қала әкімдігі рек у л ь т и в а ц и я л ау ж ұ м ы с т а р ы н жүргізу үшін жергілікті бюджеттен бөлінген 80 млн. теңге бойынша конкурстық рәсімдерді бастады, – деді Қадыржан Бақтығалиұлы. А т ы р а у қ а л а с ы н ы ң с о л жағалауындағы жаңа кәріздік тазарту қондырғысының құрылысы биыл аяқталады. Бұл нысан маусым айында пайдалануға берілмекші. Ал қа ланың оң жақ жаға лау б ө л і г і н д е г і к ә р і з д і к – т а з а р т у қ ұ р ы л ы с ы н қ а л п ы н а ке л т і ру ге м е м л е ке т т і к с а р ап т а м а н ы ң о ң қорытындысы алынған. Құрылыс м о н т а ж ж ұ м ы с т а р ы н ы ң ж а л п ы сметалық құны 21,4 млрд. теңгені құрайды. – Қазір облыс әкімдігі елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен арадағы келісім бойынша жобаны қаржыландыру м ә с е л е с і н қ а р а с т ы р ы п ж ат ы р . Республикалық бюджет қаражаты есебінен 19,1 млрд. теңге бөлу бойынша тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне жолданды. Бұл сома жүргізілетін жұмыстарға қажетті қ а р а ж ат т ы ң 9 0 % – ы н қ ұ р а й д ы . Сондай-ақ Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан «Квадрат» сарқынды сулардың булану алаңын қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы сметалық құны – 8,02 млрд. теңге, – деді Қ.Арыстан.

Мұның барлығы – өңірде кәріздік тазарту ғимараттарын салу мен қайта жаңғырту және булану алаңдарын қалпына келтіру бойынша қордаланған проблемаларды шешуде қабылданған кешенді шаралар. Бұл жұмыстар сөзбұйдаға салынбай, жүйелі жүзеге асырылса, атмосфералық ауа сапасы ластанған Атырау үшін ең өзекті мәселелердің шешімін тапқаны болар еді. Ендеше, «жұпар ауамен тыныстар күніміз жақын болғай» деген үкілі үміт мол.

 Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз