Индер ауданындағы каналдарға 3 млрд. 100 млн. теңге жұмсалады

95018750 687660801982206 3366659408309256192 o Экология

Индер ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының негізі суландыру жүйесімен қамтамасыз етіп отырған каналдарға тікелей байланысты, деп хабарлайды AtyrauPress.

Аудан бойынша жалпы көлемі 313 шақырымды құрайтын 4 канал бар. Атап айтқанда, Бағырлай каналы 105, Ақсай каналы 80, Алғабас-Жорық каналы 75, Құрайлы сай каналы 53 шақырымды құрайды.

Каналдарға жөндеу жүргізу шаруалар тарапынан қойылып отырған негізгі сұрақтардың бірі. Осы орайда жоспарланып отырған жұмыстарға тоқталсақ, ұзындығы 75 шақырым болатын «Алғабас–Жорық» каналы 2020 жылы күрделі жөндеуден өтті. Биыл жай жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деген жоспар бар. Ал Көктоғай ауылдық округіне қарасты 80 шақырымдық «Ақсай» каналына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, биыл аяқталады. Ұзындығы 105 шақырым болатын «Бағырлай» каналы мен 53 шақырымдық «Қурайлы сай» каналдарына жүргізілетін жөндеуге қатысты конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Ауа райы жылынысымен жұмыстар басталады.

Жалпы, Индер ауданы бойынша жоғарыда аталған жұмыстарға мемлекет тарапынан жалпы көлемі 3 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын қаражат жұмсалатын болады.

95018750 687660801982206 3366659408309256192 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз