Хабарландыру

img 7157 Экология

2024 жылғы көктемдегі су тасқыны кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызды автомобиль жолдарын сақтау мақсатында ҚР «Автомобиль жолдарын туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасы» автокөліктердің қозғалысы туралы кейбір мәселелер туралы 19 қаңтар 2002 жылдағы № 62 қаулысына сүйене отырып, Көлік және коммуникация министрінің 11 наурыз 2013 жылғы № 162 бұйрығын іске асыру мақсатында оське түсетін жүктемені 8 тоннадан жоғары, ауыр салмақтағы автокөліктерге 2024 жылдың наурыз айының 1–нен сәуір айының 1–іне дейінхалықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы жолдарында жүруге тыйым салынады.

Шектеулер келесі автокөлік құралдарына таратылмайды:

1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын.

2. Төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын.

3. Зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын.

4. Азық-түлік тасымалдау, жолаушылар мен багаж тасымалдау, дәрі-дәрмек тасымалдауды жүзеге асыратын.

5. Жол бойында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарына тартылған көліктерге.

6. Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ әскери тасымалдарды жүзеге асыратын.

Ауыр салмақты автокөліктер қатынасын реттеу және т.б қосымша ақпараттарды Атырау облысы бойынша транспортты бақылау инспекциясынан хабарласып, білуге болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Атырау облыстық филиалы

«ҚАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз