Балықшылармен бірге журналистер де марапатталды

img 20220708 wa0107 Экология

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы Балықшылар күнінде балық шаруашылығы саласындағы мәселелер турасында қалам тербеп жүрген журналистерді марапаттады.

Басқарма басшысы байырғы кәсіптің нәсібін көріп жүргендер жөнінде үлкенді-кішілі ақпарат жариялаған тілшілерге құрмет көрсетіп, өз атынан «Алғыс хат» табыстады.   

«Қос мерекенің де аталып өтетін күндері бір-бірінен алыс емес. Осы орайда, Балықшылар күні журналистердің де басын қосып, жылы лебізімізді білдіргіміз келді. «Көңіл көңілден су ішеді» дегендей, алған-берген дүниеде тұрған ештеңе жоқ, бастысы – көңіл. Еліміз ес жиып, егемендік алғалы да отыз жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта балықшылар судан маржан сүзіп, халықты «тірі алтынмен» асыраса, қаламы жүйрік журналистер билік пен бұқараның арасындағы «алтын көпірге» айнала білді. Сондықтан екі сала өкілдерінің де еңбегі зор» деді Артур Сәдібекұлы.

«Алғыс хат» арқалағандар қатарында – «CaspianLife» сайтынан Рахым Қойлыбаев, жас блогер Әділет Қанатұлы, «Прикаспийская коммуна» газетінен Тимур Қазиев, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жолдасбек Көшербайұлы , «Атырау-Ақпарат» ЖШС бөлім басшысы Баян Жанұзақова, «Caspian News» телеарнасының редакторы Нұрбибі Теміртасова, «Атырау» телеарнасының журналисі Жәнібек Қалым,  сондай-ақ, газетіміздің шолушысы Дәулетқали Аруев пен «Atr.kz» сайтының редакторы Амандық Сағынтайұлы бар.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз