Жарнама
Экология

Балық шабақтан өседі

Былтыр көктемгі өр суының көп мөлшерде келуіне байланысты Жайық өзені арнасынан тасып, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында  төтенше жағдай енгізілді. Жайық өзені арнасынан тасығанда өр  суымен бірге өте көп мөлшерде  балық және шабақтары жайылма суға, су арналарына шыққан болатын.

Былтырдан  бастап күні бүгінге дейін инспекцияның ұйымдастыруымен Атырау және Батыс Қазақстан облысы аумағынан жайылма сулар мен су арналарынан ау құралдарымен сүзу арқылы 141 млн. данаға жуық«су маржаны» мен балық шабағы құтқарылды. Оның орташа салмағы шамамен  1 200 тоннаға жуықтады. Құтқарылған шабақтар табиғи өсіп-жетілу ортасы – Жайық пен Қиғаш өзендеріне жіберілді. Атырау және Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерге, су арналарына, шаруашылық субъектілеріне бекітілген су айдындарға қыс мезгілінде  бірнеше жүз мыңдаған үкі ойылып, балықтарға судағы еріген оттегіні жіберу мақсатында аэрация жұмыстары жүргізілді. Балық және оның шабақтарын құтқару жұмыстарына барлығы 1900-ге жуық адам мен 350-ге тарта техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар мекеме мамандары, жергілікті атқарушы органдардың, балық шаруашылықтары,  «Арнаулы авто база» ЖШС қызметкерлері, еріктілер, әскери бөлімдердің сарбаздары, «Ақжайық» табиғи резерваты мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп, балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүзеге асырды.  Қазір Жайық өзенінде балықтардың уылдырық шашу маусымына жайылма сулар мен арналарға күнделікті бақылау-қадағалау ұйымдастырылуда. Балықтардың уылдырық  шашуына қолайлы жағдай туғызу үшін табиғи жыраларды тазалау жұмыстары қолға алынды. Балық және шабақтары көп мөлшерде анықталған жағдайда құтқару жұмыстары жүргізіледі. Атырау облысы аумағынан облыс тұрғындары көп мөлшерде балық және балық шабақтарын анықтаған жағдайда, инспекцияға немесе жергілікті атқарушы органдарға хабар беру керектігін ескертеді.

Алмас ЖҰМАШЕВ,

Жайық-Каспий облысаралық  бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button