Қалдықты қайта өңдеу мәдениетін дамыту керек

img 20220819 wa0055 Экология

Биыл Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу көрсеткішін 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл қаланың сол және оң жақ бөліктерінде жеке инвесторлардың қаржысымен жылына 225 мың тонна қалдықты сұрыптайтын және өңдейтін кешендердің құрылысы басталды.

«Промэкология» ЖШС-не сұрыптау-өңдеу кешенінің құрылысы үшін қаланың сол жақ бөлігінен ауданы 30 гектар жер телімі берілген. Ал оң жақ бөлігінен қоқысты қайта өңдеу зауытын салу үшін «ГринСитиКлининг» ЖШС-не 5 гектар жер учаскесі бөлінді. Қос кешеннің құны 2,5 млрд теңгені құрайды.

«ГринСитиКлининг» ЖШС кешенді осы жылы іске қосады. Ал «Промэкология» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2023 жылы толықтай аяқтайды. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіру жұмыстары басталады.

-Бұл жұмыстар толықтай іске асырылғаннан кейін, яғни 2025 жылға қарай ауаға таралатын жағымсыз иістер, сондай-ақ жер асты суларының зиянды заттармен ластануы азаяды. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу көрсеткішін облыс бойынша 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр, деді Н.Жантоқов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз