
«Автокөліксіз күн»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде 2024 жылғы 22 шілдеде «Автокөліксіз күн» онлайн челленджін өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты қазақстандықтар арасында зиянды заттар шығарындыларын азайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жеке автокөліктен бас тарту болып табылады.
Осыған байланысты, осы акцияны қолдауды және келесіні қамтамасыз етуді сұраймыз:

— волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, бизнес және басқа да ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, челлендж өткізу;
— іс-шараларды өткізу туралы өңірлік БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпараттық жариялауды ұйымдастыру;
— қатысушылардың жеке әлеуметтік желілерінде #ДеньБезАвтомобиля бірыңғай хэштегін пайдаланып фото және бейне материалдарды жариялау және @birgemiz_taza_alem2022 парақшаны белгілеу.
Халықты челлендж туралы ақпараттандыру бойынша бірыңғай тәсіл мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде тираждау үшін баннерлердің эскиздері жолданады.