Жайық неден ластанған?

6419 Экология

Жайық өзені бассейнін ластайтын барлық көздерді және оның экожүйесіне теріс әсер ететін басқа да факторларды анықтау мақсатында кешенді зерттеу жүргізілген болатын.

Экология министрлігімен жергілікті атқарушы орындар өкілдерінің қатысуымен жүргізілген зерттеудің барысында трансшекаралық аумақтардан, сарқынды сулардың төгінділері байқалатын жерлерден сынамалар алынды. Ластанудың болжамды көзі саналатын орындарда ауаның ластану деңгейі 6 көрсеткіш (күкіртті сутек, формальдегид, аммиак, күкірт диоксиді, азот оксиді, азот диоксиді) бойынша өлшенді.

Гидрологиялық тексеру, гидрохимиялық талдау жасалды. Кешенді тексеру қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан жəне Ақтөбе облыстарының аумағында су сапасының 4 жəне 5-класы, Атырау облысында – 1-4-класы анықталды. Ластаушы заттардың шамадан тыс көбеюі қардың еруінен, жағалаулардың шайылуынан жəне су тасқыны кезінде су деңгейінің жоғарылауы, ластануынан туындауы мүмкін.

Атырау облысында кешенді тексеру барысында Индер, Махамбет аудандарында, Атырау қаласының аумағында, Жайық өзенінің сағасында, яғни Каспий теңізінің өзенмен қосылған жерінде ауа, су сынамалары алынған еді. Өзенде ОХТ (оттегіні химиялық тұтыну), темір, мұнай өнімдері, магний, нитрит анион, ОБТ5 бойынша су сапасының 1-класы нормаларынан асқаны белгілі болып отыр. Одан өзге, Индер ауданының орталығында коммуналдық қоқыстар, автокөлік құралдарының қалдықтары, ағаш жəне т.б. анықталды. Индербор кентінің Орталық көпірінің жоғарғы жəне төменгі бөліктерінде иесіз кемелер су астында қалып, өзенді ластаған.

Дегенмен, ауада зиянды заттар байқалмады. Облыс аумағындағы «Атырау Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Жайық[1]Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РКМК, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РКМК, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ін кешенді тексеру жүргізу кезінде олардың су сапасын ластаған жағдайы анықталған жоқ.

Экология министрлігінің ақпараты негізінде дайындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз