Жарнама
Экология

АТЫРАУЛЫҚТАР ЖАЙЫҚТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙ ОТЫР…

Оқырман назарына Атырауда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ЕРУБАЕВТАН алған сұхбатымыздан үзінді ұсынамыз.

– Сіз Мәжілісте экология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мүшесі ретінде экология, төтенше жағдай және энергетика министрліктерінің есебін тыңдайсыз. Осы орайда, сұрай кетейін, Атыраудың қазіргі экологиялық ахуалы нешік?

– Елімізде 25 жылға дейін 9 және 30 жылға дейін 38 су қоймасын салу жөнінде қос бағдарлама қабылданған болатын. Соның екеуі Батыс Қазақстан аумағын қамтиды екен. Ал, Атыраудың аты мүлде аталмайды. Министрден мән-жайын сұрасам,  зерттеу жұмыстарын жүргізген компанияның Жайық бойынан су қоймасын салуға мүмкіндігі жоқ екен. Енді толық зерттеу қорытындысын талап етіп отырмын.

Екінші мәселе, Каспий теңізі қазір 20-30 шақырымға дейін артқа шегініп қалды. Яғни, күннен күнге тартылып жатыр деген сөз. Жазғы уақытта теңіз жақтан жел соққан кезде жағадағы тұзды шаң көкке көтеріліп, жақын елдімкендерді басып қалады. Сондықтан Арал тәжірибесіне сүйеніп, бұл жерге дереу сексеуіл егуге ұсыныс жасап отырмын.

Жалпы, Атырау экологиясы нашар өңірлердің көш басында тұрған жоқ. Оның алдында өнеркәсібі өркен жайған Теміртау мен Өскемен тұр. Бірақ, аймақта жасалып жатқан жұмыстарды да жоққа шығаруға болмайды. Жайықтың солтүстігінен 9 милилард теңгеге кәріз тазарту қондырғысы салынып бітті. Енді атынан ат үркитін «Тухлая балка» булану алаңын кептіру жұмыстары жалғасуда. Оның жартысы қала әкімдігінің, қалғаны Атырау мұнай өңдеу зауытының құзыретінде.

Сұхбаттасқан: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

(ФОТО ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНДЫ)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button