АУАСЫ ЛАС АТЫРАУ «АТЫРАУ – РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АУАСЫ ЛАСТАНҒАН ҚАЛАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА. ТҰРҒЫНДАРДЫ ӨҢІРДІҢ ӨТКІР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЕРЕКШЕ АЛАҢДАТЫП ОТЫР. ӘСІРЕСЕ, АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНАН, «КВАДРАТ», «ТУХЛАЯ БАЛКА» БУЛАНУ АЛАҢДАРЫ МЕН ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ПОЛИГОНЫНАН ШЫҒАТЫН ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕР ҚОЛҚАНЫ ҚАБАДЫ. СОНДЫҚТАН БҰЛ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІН ТАБУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР БІЗДІҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫМЫЗДА БОЛАДЫ» ДЕДІ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЗҮЛФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА АТЫРАУЛЫҚ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ӨТКЕН ЖИЫНДА.
ҚОҒАМ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛЕДІ
Бұған дейін де аймақтағы көкейкесті экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше рет кездесулер өтіп, оның нәтижесінде облыстағы өзекті экологиялық мәселелерді шешуге арналған «Жол картасы» әзірленген болатын.
– «Жол картасында» Атырау облысындағы қоршаған ортаның сапасын жетілдіруді көздейтін бірнеше бағыттар қамтылған. Айталық, кəріздік тазарту ғимараттарын салу мен қайта жаңғырту, булану алаңдарын қалпына келтіру бойынша қордаланған проблемаларды шешу мақсатында кешенді шаралар қабылданған, — деді Зүлфия Болатқызы.
Б ү г і н д е « Ж о л к а р т а с ы » бағдарламасы тағы да талқыға түсіп отыр. Мұнда қоғам белсенділерінің пікірлері міндетті түрде ескеріледі. Вице-министр «осындай іс-шаралар а р қ ы л ы ө ң і рд е г і э кол о г и я л ы қ мəселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бар» дейді.
«ЖОЛ КАРТАСЫ» МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕ АЛА МА?
Жиынға қатысқан облыстық табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұргүл Қалиева Атырау қаласындағы ауа сапасына тікелей кері әсер етуші негізгі факторларды атап өтті.
– С о н ы ң і ш і н д е , м ұ н а й — г а з саласындағы ірі кəсіпорындардың а у а ғ а ш ы ғ а р а т ы н л а с т а у ш ы шығарындыларының көлемінің артуынан, АМӨЗ-дің механикалық жəне биологиялық кəріздік су тазарту қондырғыларының жұмыс істемеуінен, «Тухлая балка» булану алаңына жіберілетін кəріздік судың құрамындағы мұнай өнімдері қалдықтарының əсерінен ауада күкірт газының иісі сезіледі. Оған қо са қаланың оң жəне сол жақ бөліктеріндегі тазарту қондырғыларының кəріздік сулары «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдарына ұзақ жылдар бойы тазартылмастан жіберіліп, ауаға жағымсыз иіс тарауда, — деді Нұргүл Сүгірбайқызы.
Б а с қ а рм а ө к і л і н і ң с ө з і н ш е , о б л ы с т а ғ ы а у а б а с с е й н і н л а с т ау ш ы л а р д ы ң 9 1 п а й ы з ы н мұнай-газ өндіру жəне мұнай өңдеу шаруашылық қызметімен айналысатын кəсіпорындар құрайды. Олардың қатарында «ТШО» ЖШС, «СолтүстікКаспий жобасының операторы» (NCOC), «Атырау» МГҚБ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ БФ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, тағы басқалары бар. Б ү г і н д е қ а л а н ы ң о ң ж а қ жағалауындағы кəріздік-тазарту ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Соның нəтижесінде оның қуаттылығы тəулігіне 31 мың текше метрге жетеді. Ал, жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. «Tazalyq» жобасы шеңберінде АМӨЗ-дің теңгеріміндегі қаланың сол жақ бөлігінде орналасқан «Тухлая балка» булану алаңы мен қаланың теңгеріміндегі сол жақ жағалау бөлігін қалпына келтіру жұмысы 2023 жылы аяқталады. Ал, 2022-2024 жылдар аралығында қаланың оң жақ жағалау бөлігіндегі «Квадрат» кəріздік суының булану алаңы қалпына келтіріледі.
ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАШАН БІТЕДІ?
Облыс орталығының сол жақ бөлігінен салынып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысы келесі жылы аяқталса, құрылысы жүріп жатқан оң жақ бөлігіндегі қоқыс өңдеу кешені биылғы қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Тұрғындардың базынасына айналған қаладағы қолданыстағы ескі ҚТҚ полигонының жерін қалпына келтіру қаланың оң жəне сол жақ бөлігіндегі жаңа полигон құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін жүзеге асырылмақ. Атырау облысының əкімдігі трансшекаралық Жайық өзенінің экожүйе сін сақтау жəне қорғау мақсатында Үкімет алдына ұсынымдар қойған болатын. Оның нəтижесінде проблемалық мəселелер тізбесіне енгізілді. Қ ы з ы л қ о ғ а ауд а н ы н д а ғ ы су тапшылығын азайту бағытында Шығыс Тайсойған кен орнында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу үшін жобалықсметалық құжатын жасақтау жəне іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекемемен келісім-шарт жасақталуда. Вице-министр қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мəселесін экологиялық төлемдер арқылы шешуге болатындығын айтады.
– Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау ісшаралар жоспары министрлікке əлі күнге берілген жоқ. Оның шеңберінде қ а т т ы т ұ р м ы с т ы қ қ а л д ы қ т а р полигонының мəселесін шешуге болады деп есептеймін. Сондықтан жақын уақытта жоспар əзірленіп, мəслихаттың сессиясында бекітілгені дұрыс, — деді Зүлфия Болатқызы.
Жиында қоғамдық бірле стік өкілдері күн тəртібіндегі мəселелерге қатысты пікірлерін білдіріп, өңірге ортақ мəселенің оң шешілуіне ықпал етуге шақырды. «Атамекен ЭКО» қоғамдық қорының төрағасы Арман Хайруллин экологиялық төлемдер мен утильалымның төңірегіндегі мəселелерге назар аударса, «Таң» дамыту жəне қолдау қорының сарапшысы, «Жайық-Каспий Орхус» орталығының төрағасы Шынар Ізтілеуова қаланы көгалдандыруға пайдаланатын судың мəселесін біржақты шешіп алмай жатып «аттандаудың» қажеті жоқ екендігін айтты. Бұдан соң АМӨЗ-ның өкілдері «Tazalyq» жобасының орындалысы туралы таныстырды. Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова облыстық экология департаментіне экобелсенділермен бірлесіп, зауыт қолға алған іске бақылау жүргізіп отыруды тапсырды.
ТШО-ҒА АЙТАР ДАТЫ БАР
Одан соң, сөз алған «ТШО» ЖШС бас менеджері Ронда Йодер компанияның Қазақстан Республикасының көміртек шығарындыларын азайту саясатын дамытуға белсенді қатысып келе жатқандығын айтты.
– 2009 жылдан бастап «ТШО» компаниясы ілеспе газды тұрақты жоспарлы жағуды тоқтатты жəне газды кəдеге жарату бойынша нəтижелерге қол жеткізді. Оның 99 пайыздан астамы сатылады жəне ТШО-ның жеке қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Соңғы 5 жыл ішінде алауда газ жағу 59 пайызға төмендеді. «ТШО» нысандарында судың 50 пайызына дейін қайта пайдаланылады. Жасыл экономика тұжырымдамасы аясында қалдықтарды қайта өңдеу, пайдалану үлесі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 57 пайызды құрады, — деді бас менеджер.
Десе де, вице-министр Зүлфия Болатқызы «ТШО», «NCOC» компаниялары тарапынан ағынды суларды төгу кезінде нормативтерден асып кетуге жүйелі түрде жол беретіндігін айтты. Сонымен қатар, компанияның тазарту қондырғыларының тиімсіз жұмыс істейтіндігін мысалға келтіріп, бұл мəселені шешуді тапсырды.
– «ТШО» су үнемдеу технологияларын жəне сумен жабдықтаудың айналым жүйелерін енгізу қажет. Сондай-ақ, компанияға қатысты тағы бір жағымсыз факторлардың қатарында – қалдықтарды тасымалдау, Құлсары қаласының аумағында вагондарды жуу жəне қызмет көрсету жағдайларын атауға болады, — деді Зүлфия Болатқызы.
Вице-министр «ТШО» өнеркəсіптік қалдықтарды елді мекендерге жақын жерде тасымалдамауы, оны қайта өңдеуі, сондай-ақ, вагондарды жуу жəне қызмет көрсету учаскелерін көшіруі қажет» деген пікірін айтты. «Атамекен ЭКО» ҚҚ-ның төрағасы Арман Хайруллин де «ТШО» компаниясына қатысты пікірін білдірді.
– Бəрімізге белгілі, бұл компания экономикамыздың бір бөлігін құрап отыр. Əйтсе де, тиынның екінші жағы бар екенін білуіміз керек. «ТШО» компаниясы жұмыс бастаған жылдары Республика көлемінде Жылыой ауданында ауруға шалдыққандардың қатары артқан. Зауытқа жақын орналасқан Сарықамыс ауылының көпшілік тұрғыны ауырып, өмір сүру ұзақтығы төмендеді. Экологиялық реттеу жəне бақылау комитеті атмосфераға залалды заттарды шығаратын компанияларды ескермей, оңды-солды рұқсат бере береді. Біздер келешек ұрпағымыз үшін алаңдаймыз. Осы себепті компанияның тым болмаса жергілікті тұрғындарға өтемақы төлеуін сұраймыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының соңғы 10 жылдағы мəліметіне сүйенсек, туабіткен аурулар мен хромосомалардың бұзылулары 98-ден 369-ға жеткен. Демек, адамдар генетикалық өзгерістерге ұшырап жатыр, — деді қоғам белсендісі.
КҮКІРТСУТЕК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ
«Глобус» экологиялыққұқықтық бастама орталығының директоры Галина Чернованың да сөзі «ТШО», «NСОС» компанияларының өкілдеріне бағытталды. Оның айтуынша, Атырау қаласы мен Мақат ауданында кем дегенде 1904 күннен бері атмосфералық ауадағы күкіртсутектің жоғары деңгейі байқалған.
- – Мына «экоцидті» тоқтатып, тиісті шаралар алып, қоршаған ортаны «улауға» жол бермеу керек. «ТШО» компаниясы бірлескен əлеуметтікэкологиялық жауапкершілік туралы айтқанымен, халықаралық өлшемнің үде сінен шыға а лмай жат ады, — деген Галина Чернованың сөзін экобелсенділер де қолдады.
ЖИЫН СОҢЫНДА ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЗҮЛФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӨКІЛДЕРІНЕ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІП, КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕТІНІН АЙТТЫ.
Алмас ҚАБДОЛОВ