Жайықтан жиналған өлі балықтардың көлемі 4,1 тоннаны құрап отыр

Atr.kz/20-ақпан. Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтау үшін жедел ведомствоаралық комиссия құрылды.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев есеп беру жиыны кезінде мәлімдеді. «Алғашқы су сараптамасының нәтижесі хлоридтің 550-770 мг/л-ді құрап, рұқсат етілген шекті мөлшерден 2 есеге артық екенін көрсетті. Шекті мөлшер 350 мг/л болуы қажет.

FB IMG 1550563562740 1 1

Сондай-ақ, өткен жылдың 2 және 4 желтоқсан күндері тірі және өлі түріндегі әртүрлі балықтан сынама алынып, сараптама қорытындысы аммиакқа оң нәтиже көрсетті.
Осыған орай Атырау облыстық Ішкі істер Департаменті балықтардың қырылу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 336-бабы бойынша тергеу жүргізуде.
Күні бүгін өзеннен жиналған өлі балықтардың көлемі 4,1 тоннаны құрап отыр. Сондай-ақ, «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауыты 1,7 тонна және «Луговской жылқы зауыты» 101 тонна өлген бекіре балықтары тіркелді. Бұл жұмыстар жіті бақылауда» деп нақтылады облыс басшысы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз